Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шөл және шөлейтті жерлерге ағаш егу мәселесі талқыланды

02.09.2025, 16:45 173

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Ә.Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының басқарма төрағасы Әлімжан Рахымжановпен кездесті.

Басқосуда шөл және шөлейтті жерлерге төзімді ағаштар егу мәселелері талқыланды.

Қазақ орман шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының ғалымдары «Қорқыт Ата әуежайынан» «Белкөл» кентіне дейінгі 35 шақырым аумақтан агрохимиялық талдау жұмыстарын жүргізу үшін топырақ сынамаларын алды.
Зерттеу нәтижесі аяқталғаннан кейін, өңір климатына төзімді ағаштардың түрлері анықталып, белгіленген орындарға отырғызылады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: