Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралдық шаруаларға қолдау көрсетілді

25.08.2025, 17:00 138

HALYQLINE.KZ

Тамыз айының 23-і күні Қазалы ауданының шөп жәрмеңкесі Арал ауданына қарасты Жіңішкеқұм ауылдық округінде ұйымдастырылды. Бұл іс-шара Арал ауданында қалыптасқан қуаңшылықтың салдарынан мал шаруашылығымен айналысатын жергілікті тұрғындарға көмек көрсету мақсатында өткізілді.

Шөп жәрмеңкесінде Қазалы ауданынан жеткізілген 2 200-ге жуық малазықтық жоңышқа мен шөптің әр бумасы нарықтық бағадан әлдеқайда қолжетімді бағамен сатылды. Жоңышқаның бумасы 1200 теңгеден, ал шөптің бумасы 650 теңгеден ұсынылды. Бұл іс-шара әсіресе мал шаруашылығымен айналысатын ауыл тұрғындары үшін үлкен қолдау болды, себебі қазіргі уақытта аймақтағы қуаңшылық жағдайы мал азығына деген сұранысты айтарлықтай арттырды.

Арал ауданында табиғи жағдайлардың әсерінен мал азығының тапшылығы пайда болды. Осыған орай, Қазалы ауданының әкімдігі мен жергілікті шаруалар шөп жәрмеңкесін ұйымдастыруды жөн деп тапты. Бұл іс-шара аймақтағы мал басын сақтап қалу және ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында өте маңызды болды.

Жәрмеңкеде ұсынылған өнімдер тек қана арзан бағамен сатылып қана қоймай, жергілікті тұрғындардың қажеттіліктеріне сәйкес болғаны үшін де үлкен маңызға ие болды. Тоқабай ауылында өткен жәрмеңке ауыл тұрғындарына азық-түлік пен мал азығын қамтамасыз ету, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту тұрғысынан зор көмек болды.

Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: