Бүгін Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында «Абай әлемі» тақырыбында интеллектуалдық сайыс өткізілген болатын. Аталған интеллектуалдық сайысқа аудандық ауруханың «Денсаулық сақшылары» тобы қатысып, білім сынағынан сүрінбей өтуге талпынды. Бұл туралы аудандық емхананың баспасөз қызметі хабарлады.
«Денсаулық сақшылары» тобының құрамында аудандық емхананың «Алдын алу және әлеуметтік психологиялық көмек көрсету» бөлімшесінің аға мейіргері, топ басшысы Бекзат Алашбаев, «Кеңес беру диагностикалық» бөлімшесінің аға медбикесі Ләйла Ешмаханова, «Ұйымдастыру және әдістемелік жұмыс» бөлімінің медстатисті Мадина Сақып болды.

Негізінен, сайыс 5 кезеңнен тұрды. Сайысқа қатысушылар «Абай әлеміне саяхат», «Жүрегімнің түбіне терең бойла», «Ойлан, тап!» «Әнді сүйсең, менше сүй», «Қазақта қара сөзден дес бермедім» кезеңдері бойынша өз мүмкіндіктерін байқатты. Өз кезегінде қатысушылардың білім деңгейіне халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы Шаһарбек Нұрсейіт, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ақбота Асанова төрелік етті.
Бұл ретте әділ қазылардың шешімімен аудандық аурухананың «Денсаулық сақшылар» тобы сайыстың бас жүлдесін жеңіп алды. Жеңіс тұғырынан көрінген әріптестерімізді аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев марапаттап, сый-құрмет көрсетті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!