Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Байқоңырды Ресейден қайтаратын кез келді!

21.08.2025, 15:00 214

HALYQLINE.KZ

Путиннің Байқоңыр тұрғындарына қатысты жаңа жарлығы Қазақстандағы «жарылмаған сыздауықты» жарып өтті. Ресей президенті қазақ елінің азаматтарын ашық соғысқа шақырып отыр. Бұл туралы ORDA телеграм арнасы жазды.

Байқоңыр – Қазақстанның жері. Ғарыш айлағы жалға берілгенімен, жер де, халық та – біздікі. Сондықтан Қазақстан мұндай қауіпке қарсы нақты жауап беруі қажет!

Даудың түбі – Украина мен Ресей арасындағы соғыс. Бұл қақтығыс Орталық Азияға жалтақтауды емес, дұрыс бағдар таңдауды міндеттеді. Біз көп жылдар бойы «көпвекторлы саясатты» ту қылып ұстап келдік. Соған сай, Ресейдің басқыншылық соғысына қатысты да нейтралды позиция ұстандық. Ресей аннекциялаған һәм оккупациялаған аумақтарды мойындаған жоқпыз. Десе де, үш жарым жыл бойы жалғасып келе жатқан Украинадағы қанқасап соғыста Қазақстан халқының басым бөлігі Украина жағын қолдады.

Ресейге жалға берілген Байқоңырда тұратын қазақстандықтар Кремль саясатының құрбанына айналуы мүмкін. Путин қол қойған жаңа жарлыққа сәйкес, Украинаға қарсы соғысқа қатысқан байқоңырлықтар тұрғын үйді кезексіз алмақ.

Яғни Байқоңырдағы Ресей азаматтығы бар адамдар әскери қызметтен соң әлеуметтік төлемдер мен тұрғын үйге басымдыққа ие болады.

Бұл жай ғана баспана үшін басын оққа байлауға дайын адамдардың қазақ арасынан да шығатынын білдіреді. Ең қауіптісі – мұның астарында Байқоңыр арқылы бүкіл Қазақстанды соғысқа тартудың астарлы саясаты жатыр. Сондықтан Қазақстан билігі мұндай арбауға жол бермеуі тиіс!

Нұргелді  ӘБДІҒАНИ.

Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Фото: caravan.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: