Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қарауылтөбе: Электр желісі жаңартылып, балалар ойын алаңы салынуда

18.08.2025, 18:40 192

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Қойшыбай Жүсіпов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне І жартыжылдықта атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

— Биыл ауылдың инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, электр желілерін реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Байсейітов көшесіне балалар ойын алаңы салынуда. Сондай-ақ, жаңадан қоныстанушы аумақтағы 5 көшені жарықтандыру жұмыстары аяқталды, — деді ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Қойшыбай Жалғасұлы.

Жалпы, ауылдық округте 131 кәсіпкерлік нысан жұмыс істеуде. Жыл басынан бері 6 кәсіпкерлік субъекті тіркеліп, жалпы құны 25,4 млн теңгені құрайтын 3 жоба қаржыландырылды. Яғни, «Іскер» бағдарламасы аясында 2 жоба қаржыландырылса, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 1 жоба мақұлданды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: