Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жәрмеңке

16.08.2025, 12:52 181

Бүгін Арал ауданы Қазыбек би көшесі, «Шанхай» мөлтек ауданындағы өткел маңында тауар өндірушілердің өнімдерін тікелей халыққа жеткізу мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Жұртшылықтың сұранысын қанағаттандырып, тұрмысқа қажетті азық-түлікке қолжетімділігін арттырған молшылық мерекесінде Арал ауданынан 63 тоннаға жуық өнім нарықтағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағамен сатылымға қойылды.

Жәрмеңкеде 3,6 тонна ет өнімдері, 210 литр шұбат, 20 бас тірі қой, 6,0 тонна мұздатылған, 50 дана ысталған балық, 55 кг құрт-ірімшік, 50 тонна көкөніс және 3 тонна ас тұз әкелініп тұтынушыларға еркін босатылды.

Жәрмеңкеге тиімді бағада сатылған өнімдерге қызығушылық танытқан тұрғындар саны да көп болды. Осындай жəрмеңке алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: