Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылжарма: 10 жоба мемлекеттік грантқа ие болды

14.08.2025, 17:20 210

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Шәріп Әбдірахманов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне І жартыжылдықта атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

— Ауылдық округтегі 4 көшеге түнгі жарық бағанасы мен 4 дана аялдама орнатылды. Сонымен қатар, жолдарға ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, «Тағзым» алаңы абаттандырылды. Қазір 3 дана ауызсу ұңғымасының құрылысы және жалпы ұзындығы 50 шақырымды құрайтын 67 көшеге электр бағаналары орнату орнатылуда,- деді ауылдық округ әкімі Шәріп Әкбарұлы.

Ауылдық округте 494 кәсіпкерлік нысан жұмыс істеуде. Кәсіпкерлікті дамытудың түрлі мемлекеттік бағдарламалары аясында 21 жоба мақұлданып, 84,7 млн теңгеге қаржыландырылды. Құны 15,7 млн теңгені құрайтын 10 жоба мемлекеттік грантқа ие болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: