Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әскери борышын өтеп, білім грантына ие болды

13.08.2025, 11:55 633

HALYQLINE.KZ

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тапсырмасына сәйкес, елімізде мерзімді әскери қызметін абыроймен атқарып, жоғары жауынгерлік дайындық нәтижелерін көрсеткен жастарға жоғары оқу орындарында білім алу үшін арнайы гранттар тағайындалуда.

Сол мүмкіндікке Қазалы ауданының тумасы, 2003 жылы дүниеге келген Ағайдар Әлинұр Болатбекұлы ие болды. Ол 2024 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Тараз қаласы №85395 әскери бөліміне әскер қатарына аттанған болатын.

Әскери борышын өтеу кезінде өзін тәртіптілігімен, жауапкершілігімен, жауынгерлік тапсырмаларды мүлтіксіз орындауымен Әлинұр қойылған барлық талапқа сай келіп, білім грантына үміткер ретінде қабылданды. Нәтижесінде, еліміздегі беделді жоғары оқу орындарының бірі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің білім гранты сертификатына қол жеткізді.

Әрбір азаматтың парызы, елге деген жауапкершілігі Әскери борышты өтеуден тұрады. Әскер – тәртіп пен төзімділікті үйретіп қана қоймай, үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын өмір мектебі. Осы жолда Отан алдындағы міндетін абыроймен атқарып, дараланған Әлинұр Болатбекұлы жастарға үлгі болары анық.

Әлинұрға сәттілік тілейміз! Алар асуларың көп болсын! Туған жерін қорғайтын, ел үмітін арқалайтын нағыз сарбаз ретінде әрқашан биіктен көріне бер!

Қазалы аудандық қоғамдық даму бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: