Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шынайы әңгіме: жұбыңызбен бірге талқылау қажет $екс туралы тақырыптар

02.08.2025, 7:00 910

HALYQLINE.KZ

Жұбыңызбен ашық сөйлесуді қажет ететін интим туралы тақырыптар бар. Статистика бойынша өзара сексуалды мәселелерді талқылайтын жұптардың қарым-қатынасы 10 есе берік әрі ұзақ болады екен. Шағын ғана диалогтардың өзі қарым-қатынастың тұрақтылығы мен ұзақтығына айтарлықтай әсер ете алады.

Сарапшылардың пікірінше, сіз «армандар мен қиялдар әлеміне» кірмей тұрып (немесе кейінірек) серігіңізбен міндетті түрде сөйлесіп алуыңыз керек жайттар бар. Кейбір батыл, тіпті ыңғайсыз көрінетін тақырыптарды талқылау сіздің жақындығыңызды әлдеқайда жағымды ете түседі. Міне, сол тақырыптардың қысқаша тізімі:

Сіздің сексуалды шекараңыз қандай?

Кейде алдын ала келіспей-ақ, жаңа дүниелерді бірге байқап көру қызықты тәжірибе сыйлауы мүмкін. Алайда бұл сәтсіздікке де апаруы ықтимал – «Сұрдың 50 реңкін» күтіп, «Сен не істеп жатырсың?» деген шокқа тап болу ғажап емес. Сондықтан да кез келген тәжірибеге дейін әркімнің шекарасын анықтап, қалаулар мен шектеулерді нақты айтып алған дұрыс. Әрқайсысыңыз өзіңіздің сексуалды фантазияларыңызды бөлісіңіздер. Қандай ойындар ұнайтынын ашық айтыңыздар. Сонымен қатар, өзіңіз үшін мүлде қолайсыз дүниелерді де батыл айтуға қорықпаңыз. Ең бастысы, қауіпсіздік үшін арнайы «код сөзі» белгілеңіз. Бұл сөз интимге қатысы жоқ болуы керек және айтылған сәтте әрекетті бірден тоқтатуға белгі болады.

Қай кезде сізге жыныстық қатынас қызықсыз бола бастайды?

Сексуалды өмірде іш пысу – қалыпты құбылыс. Әсіресе, ұзақ уақыт бірге болған жұптарда бәрі әдетке айналып, бірсарынды сценарий қайталанып тұрады. Ал бұл жайлы ашық айтылмаған жағдайда, сіздің үнсіздігіңіз «бәрі жақсы» дегенді білдіруі мүмкін. Бірақ бұл әрқашан шындыққа сай келе бермейді. Егер серіктестікке жаңа дем қосқыңыз келсе, сексологқа немесе секс-коучқа бірге баруға болады. Бұл – бір-біріңізге ашық болуға көмектесетін қауіпсіз алаң. Сонымен қатар, «Секс. Сезім мен құмарлыққа толы оқулық» сынды кітаптарды бірге оқып, жаңа идеялар табуға тырысыңыздар.

Сексуалды дисфункция байқалған кезде

Кейбір жігіттер үшін жыныстық қатынастағы сәтсіздіктер – өте ауыр тақырып. Сондықтан да бұл сәттерде серіктесіңізді ұялтпай, керісінше жағдайды жұмсартып көруге тырысыңыз. Мысалы, одан өзіңізге ләззат сыйлауды өтініңіз – бұл екеуіңізге де жеңілдік әкеледі. Егер сіз құрғақтық секілді дискомфорт сезсеңіз, оған қай әдіс сізге ұнайтынын айтуға тырысыңыз. Көптеген ер адам серіктесін қуантуға тырысады, сондықтан: «Маған сенің баяу қимылың ұнайды» немесе «Маған көбірек прелюдия керек» деген сияқты фразалар түсінікті әрі бағыт беретін болады. Ал егер мәселе тұрақты сипат ала бастаса, бұл жайлы ашық әңгіме қажет. Жағдайды елемеу күрделі проблемаларға апаруы мүмкін. Жанашырлық танытып, серігіңізге оның жалғыз емес екенін, бірге емделуге дайын екеніңізді білдіріңіз. Мүмкін болса, дәрігерге қаралуды бірге ұсыныңыз.

Біреуіңізге медициналық тексеріс қажет болған кезде

Мұнда мәселе серіктестердің санына емес, денсаулыққа қатысты. Адам жыныстық жолмен берілетін инфекцияны қалай жұқтырғанын бақылап үлгермей де қалуы мүмкін – бұл тұмау секілді қарапайым жайт. Сондықтан да жақындыққа дейін медициналық тексеріс пен қауіпсіздік жайлы сөйлесіп алу өте маңызды. Мұндай ашық диалогтар сізді болашақтағы денсаулық қиындықтарынан қорғай алады.

Сіз жыныстық қатынасқа дайын емес болған кезде

Жыныстық қатынас – тамаша нәрсе, бірақ ол әрдайым ойдағыдай, романтикалық бола бермейді. Кейде қатты шаршап тұрасың немесе жай ғана ниет болмайды. Бұл – қалыпты жағдай. Маңыздысы – серігіңізге ашық айту. Егер ол ынта танытып тұрса, ал сіз мүлде дайын болмасаңыз, бұл екеуіңіздің көңіліңізге де ауыр соғуы мүмкін. Эмоционалды алыстау басталып кетуі де ғажап емес. Сондықтан ішкі күйіңізді түсіндіріп, «мен қазір шаршап тұрмын, бірақ сені жақсы көремін, бәлкім, ертең…» деген секілді жылы сөзбен сыпайы жеткізіңіз. Бұл серігіңіздің көңілін түсірмей, жақындығыңызды сақтап қалуға көмектеседі.

Жыныстық қатынастың жиілігі туралы

Бұл әңгіме романтикалық емес болып көрінуі мүмкін, бірақ оны қозғау – өте маңызды. Сіздердің әрқайсыңыз қаншалықты жиі жыныстық қатынасқа түскіңіз келеді, соны білуіңіз қажет. Әйтпесе, біреу өзін қанағатсыз сезінуі, ал екіншісі – мәжбүрлі әрекет етіп жүргендей күй кешуі мүмкін. Сөйлесуді былай бастап көріңіз: «Мен үшін аптасына кем дегенде N рет жақындыққа уақыт бөлсек, жақсы болар еді. Ал сен қалай ойлайсың?». Сондай-ақ, қай уақыт сіздерге ыңғайлы екенін де талқылаңыздар. Біреу таңғы уақытты ұнатса, екіншісі кешті жөн көруі мүмкін. Бұл жерде компромисс табу маңызды. Мысалы, демалыс күні түсте немесе жұмыстан кейінгі кеште жаңа форматтағы кездесу ұйымдастыру қарым-қатынасқа тың леп әкелуі мүмкін.

Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Shutterstock.com, Pexels.com.

Дереккөз: harpersbazaar.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: