Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада суға кеткендер саны азаймай тұр

11.06.2020, 11:55 611

HALYQLINE.KZ Биыл Қызылорда облысының су айдындарында 11 оқиға тіркеліп, 12 адам қайтыс болды. Оның 5-еуі – бала. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев баяндады.

«Суға түсуге қауіпті аймақтарда азаматтардың рұқсат етілмеген жүзу құралдарын қолдануы және алғашқы көмек көрсету тәсілдерін білмейтіндігі де қайғылы жағдайдың көбеюіне ықпал етуде. Сонымен қатар, жастардың жаз айларында табиғатқа шығып, демалыстарын өзен мен көлдердің жағасында ұйымдастыруы көптеп болуда. Яғни, суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі – қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуынан», – деді Саид Шазындаұлы.

Айта кетейік, облыста суға шомылуға қауіпті 64 жер белгіленіп, ескерту тақтайшасы орнатылды. Ал, суға шомылуға болатын 3 жағажай бар. Оның 1-еуі Шиелі кентінде болса, қалған екеуі Арай мөлтек ауданы мен Белкөл кентінің маңында орналасқан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: