Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлының еміне деп ақша жинаған отбасы 3 пәтер, 5 көлік сатып алған

29.07.2025, 9:40 225

HALYQLINE.KZ

ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті Тотақановтар отбасына қатысты тергеуді аяқтады.

Айта кетейік, олар ұлының еміне деп жаппай жарнама жүргізіп, халықтан 1,3 млрд теңге жинап алған.

Алайда баланың еміне тек 6,4 млн теңге жұмсалған. Қалған ақшаға 3 пәтер, 5 көлік, жер телімін сатып алған. Бір бөлігі құмар ойынға кеткен. Сондай-ақ әлеуметтік желіде парақшаларын жарнамалауға 481 млн теңге бөлген.

Қазіргі таңда сот мүлкіне тыйым салды. Күдіктілер үйқамақта. Қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.

@qazaqstantv

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: