Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Маңызды ескерту жасалды

28.07.2025, 1:50 199

Жыл басынан бері Алматыда құрғақ шөптерді отау және жырту жұмыстарына қарамастан, 300-ден астам шөп жану жағдайы тіркелді. Оның кейбіреуі таулы аймақтардағы өртке ұласып, тұрғын үйлерге оттың таралу қаупін тудырды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.

Қалалық дауылды ескертуге сәйкес, Алматыда 28 шілдеге дейін күндізгі температура 35–39°C дейін көтеріледі.

Қаланың аймақтарында өрт қауіптілігінің 5-ші санаты сақталып отыр. Мұндай жағдайда кез келген ұшқын ірі өртке әкеп соғуы мүмкін.

Қәзіргі таңда Әкімшілікпен бірлесіп, 104 шақырым аумақтағы құрғақ шөп шабылды.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан құрғақ шөп жанындағы от жағудан, шылым шегуден және шөп пен сабанды өртеуден бас тартуды сұраймыз.

Сондай-ақ:

  • бірнеше электр құрылғысын бір розеткаға қоспаңыз – бұл қысқа тұйықталуға және өртке себеп болуы мүмкін;
  • автокөлік ішінде балаларды қалдырмаңыз;
  • күннің өтіп келуін болдырмау үшін ашық күнде серуендеуден аулақ болыңыз.

Егер өрт салдарынан ауыр зардаптар орын алса, кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Құрғақ шөптерді әдейі қасақана өртейтіндер айрықша қауіп төндіреді, үй иелері мен бағбандар шабылмаған, ыстық күннен құрғаған шөп пен қоқысты жақын маңдағы аумақты ретке келтіру үшін әдейі жағады, — делінген ТЖМ ақпаратында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: