2025 жылғы маусым айында Қазақстанда 159,2 мың көлік алғаш рет тіркелді. Оның ішінде 143 мың жеңіл автомобиль, 9,8 мың жүк көлігі, 1,3 мың автобус, 5,1 мың мотоцикл және мототехника.
1 шілдедегі мәлімет бойынша, Қазақстанда тіркелген көліктердің жалпы саны 6,46 миллионға жеткен. Соның ішінде 86,6% жеңіл көліктер, 9,6% жүк көліктері, 1,8% автобустар, 2% мотоциклдер.
Көліктердің көбісі ескі – 3 жасқа дейінгі жаңа көліктер – 453 мың (барлық көліктің 7%), 3 жылдан 10 жылға дейінгі көліктер – 1,6 миллион (26%) 10 жылдан асқандары – 4,3 миллионнан астам (67%).
Яғни, елдегі көліктердің үштен екісінен астамы ескі көліктер.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!