Халықаралық “Славян базары” өнер байқауында Қазақстан абыроймен оралды! Биылғы жылы Гран-при жүлдесін еліміздің атынан қатысқан Алмагүл Батталиева жеңіп алды. Ол финалда “Вечность” әнін шебер орындап, 137 ұпай жинады.
Алмагүл — Жетісу облыстық филармониясының әншісі. Байқау барысында ол вокалдық деңгейі жоғары әлемдік және ресейлік хиттерді таңдап, қазылар алқасын қуатты дауысымен әрі сахнадағы жарқын харизмасымен баурап алды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!