Кеше Арал қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Рейд жұмыстарына аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің, сондай-ақ білім саласының қызметкерлері жұмылдырылды.
Іс-шара барысында қоғамдық тамақтану орындары, сауда орталықтары мен өзге де қоғамдық орындар қамтылды.
Рейдтік шара аясында кәсіпкерлер мен тұрғындарға кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне қатысты заң талаптары, сондай-ақ алкоголь және темекі өнімдерін сату тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар білім саласының қызметкерлері тарапынан жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында түсіндіру-профилактикалық жұмыстары жүргізілді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасып, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!