Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әйел көпірден секіріп кетті

07.07.2025, 0:31 166

Атырау қаласында бір әйел Жайық өзеніне секіріп кеткен, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Аikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлері шұғыл түрде тиісті қызметке хабар берген.

Сол маңда жүрген екі азамат суға түсіп кеткен адамды байқап, өзенге секіріп, оны құтқаруға тырысқан. Олар әйелді су бетінде ұстап тұрған.

Осы кезде кезекші рейдте жүрген Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары дер кезінде жетіп, әйел мен оған көмектескен екі тұрғынды жағаға аман-есен алып шықты.

“Қазір әйелдің өміріне қауіп жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, — деп жазылған хабарламада.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: