Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі құрылыс нысандарын аралады

19.03.2025, 21:53 46

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев облыс орталығының бірқатар құрылыс нысандарындағы жұмыс барысымен танысты. Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін теміржол өткелінің, орталық стадионның, тарихи-мәдени мұра орталығының, сондай-ақ, Сырдария өзенінің сол жағалауындағы физика-математика мектеп-интернаты мен музыкалық колледждің құрылыс алаңдарындағы жұмысты көрді.

Жаңақожа батыр көшесі арқылы өткел салудағы мақсат – теміржолдың арғы бетіндегі Шанхай, Коммунизм, Гагарин шағын аудандарын қаланың орталығымен көлік қозғалысының қауіпсіздігін сақтай отырып байланыстыру.

Сонымен қатар, қалаішілік жүк және жолаушылар тасымалының қарқынын күшейтіп, отандық азық-түлік өнімдері айналымын ұлғайту, экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу. Жобаның техникалық қадағалаушысы – «МСК Инжиниринг», авторлық қадағалаушысы – «Инженерный Центр Алматы» серіктестіктері.
Қазіргі таңда айналма жолдар салынып, инженерлік желілердің орнын ауыстыру , құрылысқа қажетті жер учаскелерінде демонтаж жұмыстары жүруде.

Аймақ басшысы сол жағалаудағы жаңа стадионның құрылыс барысын көрді. Бүгінде стадионның шығыс және батыс трибуналарының металл конструкцияларын монтаждау аяқталып, қабырғасы мен ішкі бөлімдері, сыртқы витраждары қалануда. Сыртқы инженерлік желілер жеткізілген. Жылу, су құбырлары, электр, желдеткіштің ішкі желілері орнатылуда. Ғимараттың сыртқы қабырғасы, ішкі инженерлік желілерін жүргізу аяқталып, футбол алаңын монтаждау және абаттандыру басталады.

Дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернатының құрылысы 2023 жылы басталған, биыл аяқталады деп жоспарлануда.
Тағы бір маңызды құрылыс – тарихи-мәдени мұра орталығы. Оны аймақтағы туристік әлеуеті жоғары нысан ретінде жабдықтау жоспарланған. Аймақ басшысы бұл келушілерге қызмет көрсететін мекеме ғана емес, ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілген ғылыми-рухани орталық болуы тиіс екенін атап өтті.

Ал, музыкалық колледждің құрылысы былтыр басталды. «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен қолға алынған оқу орнының жаңа ғимаратын бас мердігер «Алтын констркшн» ЖШС осы жылдың мамыр айында пайдалануға береді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: