Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаржылық сауаттылық – қарапайым ұғым

18.03.2025, 16:20 60

Ағымдағы жылдың 20 ақпанында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы №392 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандартына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргіздім.
Семинар барысында, қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезеңдері бойынша:

  • жоспарлау (ішкі бақылау жүйесін тестілеу; зерттеу әдістерін айқындау (тұтас немесе іріктеулі), аудит жоспарын және бағдарламасын жасау және бекіту);
  • аудитті мәні бойынша жүргізу (аудиторлық дәлелдерді, аудиторлық рәсімдерді, аудиторлық іріктеуді жинау);
  • аудитті аяқтау (аудит нәтижелерін қорыту және оларды құжаттық рәсімдеу).
    Мемлекеттік аудитор аудиттелетін объектінің бухгалтерлік есеп жүйесінде:
    -қаржылық есептілікті белгіленген тәртіппен және мерзімінде жасаудың сәйкестігін;
    -бухгалтерлік рәсімдерді қызметтің ерекшелігін ескере отырып, жүргізуді;
    -бухгалтерлік операциялар орындау мерзімдерін;
    -бюджеттік есептілікті зерделеуді қарастыратындығы туралы тақырыптар бойынша талқылау болды.

Эльмира Палманова,

Қызылорда облысының ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қаржылық есептілік аудиті бөлімінің бас маманы-мемлекеттік аудитор

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: