Қызылорда тұрғыны келінін балағаттағаны үшін жауапқа тартылды.
Бұл туралы Қызылорданың әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты хабарлады.
Олардың мәліметінше, 11 наурызда Қызылорданың Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты келініне тіл тигізді деп айыпталған жергілікті тұрғынның ісін қараған.
Азамат А.А. пәтерінде ішімдік ішіп масаң күйде келіні К.Ж-ға былапыт сөйлеп, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерiнсіз отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткен. Сот отырысында А.А. өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетін үшін кешірім сұрады. Жәбірленуші сот отырысында қайын ағасы екеуі мәмілеге келіп, татуласқан.
«Азамат А.А. қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен қозғалған іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды. А.А. жәбірленушімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылды», – делінген Қызылорданың Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотының хабарламасында.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!