Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

10 жасар баланы қаңғыбас иттер талап тастаған

10.03.2025, 11:30 71

Жамбыл облысындағы Байзақ ауданында 10 жасар баланы мектептен қайтып келе жатқанда қаңғыбас иттер талап тастаған.

Бұл туралы halyqline.kz тілшісі Halyqstan Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Иттерге таланған баланы аудандық орталық ауруханаға жеткізген. Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараевтың сөзінше, баланың бетінде, маңдай мен самай бөлігінде, мұрнын тістеп тастаған.

«Ауруханаға түскенде алдымен жарақатты өңдеп алды. Антибактериялық, симптоматикалық ем қабылдап, психолог және офтальмологтан кеңес алды. Қазір үйіне шығарылған. Дәрігерлердің сөзінше жағдайы қанағаттанарлық», – деді ол.

Тұрғындардың сөзінше, аймақта жыл сайын қаңғыбас иттердің саны көбейіп келеді. Сондықтан атқарушы органға түсетін шағым саны да артыпты.

Тұрғындар күн сайын көбейіп жатқан бұралқы иеттерден қауіп көп деп отыр. Айтуыларынша, иттер мектепке бара жатқан балалардың артынан жүгіріп, қорқытатын көрінеді.

«Жұлдыз-2» ықшамауданы тұрғындарының бірі мұның біршама уақыттан бері жалғасып келе жатқанын айтып, балалардың қауіпсіздігіне алаңдайтынын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: