Франция астанасы Париждегі Гар дю Нор теміржол вокзалында теміржолдың ортасында Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі жарылмаған бомба табылуы себепті пойыздар тоқтатылды,- деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Гар дю Нор (Солтүстік вокзал) – бүкіл Еуропадағы ең жүктемесі көп теміржол вокзалы. Ол арқылы жыл сайын 220 млн жолаушы өтеді.
Елдің ірі қалалары мен Еуропаның астаналарына қатынайтын Thalys пойыздары, сондай-ақ Eurostar-дың пойыздары тоқтап тұр.
Соңғы рет Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі снаряд теміржол бойынша Париждің солтүстік шетінде 2019 жылы табылған болатын. Ол кезде қозғалысқа қатты тосқауыл қойылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!