Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аналардың аманаты

07.03.2025, 6:32 112

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Алматы облысының музейлер бірлестігінің Анаға құрмет музейі қорынан ұйымдастырылған «Аналардың аманаты» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. ​

Көрмені облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов ашып, барлық әйелдер қауымын алдағы Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, көрмеге сәттілік тілесе, Алматы облысының музейлер бірлестігінің директоры Келімбетов Талғат Құрманбекұлы екі өңір арасындағы ынтымақтастыққа ризашылығын білдіріп, Сыр еліне биік жетістіктер мен абырой тіледі.

Көрмеде сөз алған білім саласының ардагері, Жаңақорған ауданының құрметті азаматы, Құрмет ордені, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Нәлібаева Айсара Машбекқызы және ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевтың інісі Жанысбай Сариев музей ұжымына алғысын білдіріп, кейінгі жастарға баталарын берді.

Көрмеге ел мақтанышына, ұлтымыздың ұлы тұлғаларына айналған Асанәлі Әшімов, Дүкенбай Досжан, Шөмішбай Сариев, Бердібек Сапарбаев, Алик Шпекбаев, Сәт Тоқпақбаев, Жаксылык Үшкемпіров, Нағашыбай Шайкеновтердей біртуар азаматтардың аналары мен Сәлима Жұмабекова, Кәмшат Дөненбаева, Әмина Өмірзақова, Сәуле Айтбаева сынды қазақтың еңбекқор қыздары мен ел мақтанышына айналған өнер иелерінің ұстап портреттері мен ұстап тұтқан заттары қойылды.

Шара соңында көрермендер «Аналардың аманаты»атты көрмені тамашалады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: