Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Наурыз мерекесі наурызнама онкүндігі бойынша тойланады

06.03.2025, 15:35 70

Бүгін Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтуге байланысты арнайы жиын өтті.

Мемлекет басшысымен Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы бекітілгені белгілі. Осы ретте, мерекені жаңа тұжырымдамаға сәйкес атап өту мақсатында дайындық шаралары басталды. Тұжырымдама бойынша мерекені тойлаудың жаңа дәстүрі қалыптастырылып, оның мазмұнын идеологиялық мәнмен байыту үшін жыл сайын 14 наурыз бен 23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігі жарияланып, оның әрбір күні белгілі бір тақырыпқа арналады.

Халқымыздың қасиетті әрі ұлық мерекесін лайықты деңгейде тойлауға бағытталған іс-шаралар жоспары бойынша аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев хабарлама жасап, қолға алынуы тиіс шараларға жан-жақты тоқталып өтті.

Айталық биылғы мерекеде 14 наурыз – Көрісу күні, 15 наурыз – Қайырымдылық күні, 16 наруыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні, 17 наурыз – Шаңырақ күні, 18 наурыз – Ұлттық киім күні, 19 наруыз – Жаңару күні, 20 наурыз – Ұлттық спорт күні, 21 наурыз – Жыл бастау күні, 22 наурыз – Жыл басы күні, 23 наурыз – Тазару күні болып белгіленді. Осы күндер аралғыныда ауданда болатын түрлі деңгейдегі іс-шаралар легі әр күні өтіп, мерекенің мәні айшықтала түспек. Наурыз мерекесі бұдан былай да осы бағытта тойланатын болады.

Аудан әкімі Наурыз мерекесін тойлау жан-жақты ойластырылған шешім екенін айтып, мереке аясындағы көпшіліктің қатысуымен өтетін барлық шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылуы керектігін жеткізді. Оған дайындық жұмыстарына қазірден бастап кірісіп, ортақ мүддеге ниеттес азаматтарды ауызбіршілікпен жұмыс істеуге шақырды.

Дайындық мәселесіндегі кейбір кемшіліктер бойынша жұмысты күшейту керектігін жауаптыларға міндеттеді.

Бұдан бөлек алдағы міндеттерге қысқаша тоқталып, түрлі салалар бойынша жұмысты жандандыру керектігін нақтылады.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: