Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жедел жәрдем қызметіне шұғыл хабарласу үшін не істеу керек?

06.03.2025, 3:35 71

Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл жәрдем қызметіне балама байланыс арналары жөнінде мәлімдеме жасады,- деп жазады halyqline.kz тілшісі Egemen.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, соңғы уақытта азаматтардан «103» диспетчерлік қызметімен байланыса алмағандығын айтқан шағымдар түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2025 жылдың 3 наурызында Алматы қаласында сағат 23:40-тан 00:00-ге дейін (20 минут бойы) «103» желісінде орын алған байланыс үзілістен соң техникалық сараптама жүргізілген. Қоңырау шала алмаудың себебі байланыс операторы тарапынан E1-ағынының дұрыс жұмыс істемеуі болған.

Қазіргі уақытта телефон байланысы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының хабарлауынша, «103» нөміріне қоңырау шалу кезінде байланыс үзілуіне ұялы байланыс операторының қызметіндегі ақаулар себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, кейбір ұялы телефон үлгілері шұғыл қызметтермен байланысты қолдамауы ықтимал.

Сонымен қатар, «103» нөміріне қоңырау шалу кезінде 9 префиксін қосып теру керектігі атап өтілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: