Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан халықаралық Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының спортшысы 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.
Қола үшін өткен белдесуде Жұбаназар жапондық Сотаро Фудживароны жеңді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!