Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Халық жаппай ереуілге шықты

02.03.2025, 13:47 126

Сеулде халық жаппай ереуілге шықты, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Yonhap таратқан мәліметке сүйенсек, ереуілшілердің арасында президент Юн Сок Елдің импичменті бойынша қарсыластар да, жақтастар да бар.

Консерватор белсенді Чон Кван Хун мен христиандық Save Korea тобы ұйымдастырған наразылық акциясы түс мезгілінде Сеулдің орталығындағы Кванхвамун ауданында және қаланың батысындағы Ёыйдода басталған.

Полиция бастапқыда митингіне 110 мың адамның жиналғанын айтса, біртіндеп халық саны арта бастаған.

Ереуілге қатысушылар импичментке қарсы және Юн жариялаған әскери жағдай енгізуді қолдаған плакаттарды ұстап, Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың туларын ұстап шыққан.

Қауіпсіздікті бақылау мақсатында акцияға полиция 6400 қызметкер мен 230 полиция автобусын жұмылдырды.

Сондай-ақ қалада көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: