Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Партия алаңында талқыланды

26.02.2025, 12:30 67

«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ПАРТИЯ АЛАҢЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Партияның Қызылорда облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың қатысуымен партия филиалы жанындағы «Білім және Денсаулық сақтау мәселелері» жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті. Онда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2024 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспар талқыланды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы біріншіден, елдімекендердегі кадр тапшылығын шешсе, екіншіден, жастардың тәжірибе жинақтап, жұмыспен қамтылуына кең жол ашты. Жоба аясында ауылдық жерлерге ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салалары бойынша мамандар жұмысқа келіп, оларды баспанамен қамтуға және бірреттік көмек ретінде қаржы беріліп келеді.
Жиын барысында жобаның өңірде жүзеге асу барысы туралы облыстық экономика және қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дастан Баймаханов кеңінен атап өтті.

«Өткен жылы «Дипломмен ауылға» жобасы аясында республикалық бюджеттен тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін аудан орталықтарына 2500 АЕК, ауылдық елді мекендерде 2000 АЕК мөлшерінен аспайтын көлемде 396 маманға 3,3 млрд. теңге жеңілдетілген тұрғын үй несиесі бөлінді. Алайда қаржының бөлініп түсуіне байланысты жоспарланған 396 маманның 365-не жеңілдетілген тұрғын үй несиесі берілді. Қалған 31 маманның қаржысын наурыз айына дейін толық игеру жоспарлануда. Олардың 9 -ы Жаңақорған ауданына тиесілі болса, 22 маман Қызылорда қаласында. Сонымен қатар, 2024 жылы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 671 маманға 220,4 млн. теңге біржолғы көтерме жәрдемақы берілді. Ағымдағы жылы жоба аясында 194 маманға 1,7 млрд. теңге жеңілдетілген тұрғын үй несиесі және 468 маманға 184,0 млн. теңге біржолғы көтерме жәрдемақы беру жоспарланып отыр»,-деді Дастан Баймаханов.

Партияның облыстық филиалының Атқарушы Ләйлә Төрешова «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасында ауылдық жерлерде білім, медицина салаларына халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету, соның ішінде мамандар тапшылығын болдырмау бағытында жұмыс жасап келеді. «Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы осы бағытта сапалы жүзеге асуға тиісті жобалардың бірі екенін атап өтіп, жобаның аймақта дұрыс жүзеге асуын қатаң қадағалау қажеттін айтты.

Отырыста жұмысты жетілдіруге қатысты ұсыныстар ортаға салынып, тиісті жұмыстар жасалатын болды

Атап өтейік, партия филиалы жанындағы «Білім және денсаулық сақтау мәселелері» жөніндегі аймақтық кеңесі консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңес құрамы мәслихат депутаттарынан, аймақтық қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың басшыларынан, салалық сарапшылардан, қоғамдық пікір көшбасшылары, саясаткерлер, журналистер мен азаматтық белсенділерден құрылған. Жиын барысында белгілі себептермен бірқатар азаматтар кеңес құрамынан шығарылып, жаңа мүшелермен толықты.

AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: