«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірімізде 27 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
– Жергілікті бюджет есебінен Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында дәрігерлік амбулаториясымен қоса 15 төсектік ауылдық ауруханасы мен Арал ауданы Сексеуіл кентінде 40 төсек орынға арналған ауылдық аурухана құрылысы аяқталып, іске қосылды. Шиелі және Арал аудандарында 30 төсектік инфекциялық бөлімшелер құрылысы және Жаңақорған, Шиелі көпбейінді аурухананың қосымша құрылысы басталды, – деді Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетейік, облыс орталығында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. «Қамқорлық» оңалту орталығы биылғы жылдың сәуір айында Арал ауданында ашылатын болады.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!