Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Вокзалда жарылыс болды

14.02.2025, 9:15 148

Астанада ескі вокзал маңында жарылыс болды, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің орталық жедел басқармасының мәліметіне сүйенсек, Сарыарқа ауданында Гёте көшесінде жарылыс болған.

«Оқиға орнына дереу құтқарушылар келді. Өрт болған жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға нәтижесінде бір адам жарықшақтан қолынан аздап кесілген. Жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиға орнында көмек көрсетті, ауруханаға жатқызу қажет болмады. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары нақтылануда», – деп атап өтті Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ал «Қазақстан теміржолы» бөлімшесі кезекшісі 12-ші сұрыптау жолында платформадағы контейнерде жарылыс болғанын растады.

«14 ақпан сағат 00:30-да. Астана станциясының сұрыптау жолында жүк контейнерінде жарылыс орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша контейнердегі жүк – электр жабдықтары (трансформаторлар, генераторлар) болған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Контейнер жеке компанияға тиесілі болып шықты», – делінген хабарламада.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: