Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылжарма: 14 жоба мемлекеттік грантқа ие болды

10.02.2025, 17:35 88

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Шәріп Әбдірахманов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өткен жылы ауылдық округ көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Өткен жылы ауылдық округтің инфрақұрылымын дамытуда бірқатар жоба жүзеге асырылды. Мәселен, 6 көше күрделі жол жөндеуден өтсе, Сералиев пен Сексенбаев тұйықтарына тас төселіп, 3 көшеге түнгі жарық бағаналары орнатылды. Ал, қазір 22 көшеде электр желісін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, ұзындығы 50 шақырымды құрайтын 67 көшеге жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, республикалық бюджеттен 2025 жылға қаржыландыруға ұсынылды. Биыл атқарылатын жобалардың ішінде 4 көшені жарықтандыру, орталық көшелерге 3 дана аялдама орнату және ауылдық округтегі жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары қамтылған, – деді ауылдық округ әкімі Шәріп Әкбарұлы.

Жалпы, ауылдық округте 499 кәсіпкерлік нысан жұмыс істеуде. Кәсіпкерлікті дамытудың түрлі мемлекеттік бағдарламалары аясында 67 жоба мақұлданып, 314,7 млн теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде, құны 20,7 млн теңгені құрайтын 14 жоба мемлекеттік грантқа ие болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: