Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жасөспірім жүкті болып қалған

10.02.2025, 10:50 138

Таразда 16 жастағы жасөспірім жүкті болып қалып, күдікті ретінде қыздың өгей әкесі ұсталған, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ.сайтына сілтеме жасап.

«Тараз қаласының полиция бөліміне Жамбыл облыстық перинаталдық орталыққа кәмелетке толмаған 16 жастағы қыз «ерте жүктілік» диагнозымен келгені туралы ақпарат түскен. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қыздың 54 жастағы өгей әкесі қылмыстық әрекетке қатысты күдікті ретінде танылып, ұсталды», – делінген баспасөз қызметі берген ақпаратта.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 3-1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалған. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: