Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағашта қанша көше жөнделеді?

07.02.2025, 17:25 352

HALYQLINE.KZ

Жол құрылысы және ішкі көшелерді жөндеу бойынша 5 жобаға бюджет есебінен қаржы қаралып, Бұқарбай батыр, Аққұм, Есет батыр ауылдарының 17 көшесіне және М.Шәменов ауылының кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Таң ауылындағы екі пәтерлі 10 тұрғын үйге кірме автомобиль жолы салынбақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов баяндады.

«2025 жылы ауданның жол саласын дамытуға бюджеттен барлығы 1 млрд 731 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға 24,6 шақырым автомобиль жолы және көшелер жөндеуден өткізілетін болады. Сондай-ақ, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында ұзындығы 22,3 шақырым құрайтын Жалағаш кенті мен 5 елді мекенде 35 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі», – деді аудан басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: