Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен барлығы 28 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс келіп түскен.
Түскен істердің ішінен 4 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен, яғни көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ бола тұра көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін қаралған. Аталған санаттағы істер қаралып, 4 іс бойынша 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалған.
Ал, 3 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен, яғни көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер жасаған. Аталған істер қаралып, құқық бұзушыларға 20 тәулік әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған.
ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен, яғни жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы санатында 24 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралып, олар бойынша құқық бұзушыларға 15 тәулік әкімшілік қамақ және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалған.
Заң қатайса да, көлік құралын масаң күйде басқарғандар азаймай отыр.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!