Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолаушылар тасымалы жүйеленді

24.01.2025, 8:30 47

HALYQLINE.KZ

3445 шақырым. Бұл – облыс аумағындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы. Оның 1024,5 шақырымы – республикалық, 555 шақырымы – облыстық, 1965,5 шақырымы – аудандық маңызы бар автомобиль жолдары. 2024 жылы 95 жобаға 300 шақырымнан аса құрайтын автомобиль жолы мен көшелер және көпір өткелдері жөндеуден өткізіліп, нәтижесінде сапалы жолдардың үлесі 92 пайызды құрады. Қаланың күре жолы саналатын әуежайға кірме жолы мен Көшербаев, Қожа Ахмет Яссауи, Жаппасбай батыр көшелеріне кеңейту жұмыстары жүргізілді. Ал биылғы жоспар Тәуелсіздікке 25 жыл көшесін кеңейту жұмыстарын аяқтап, Әбілхайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейін Сырдария бөгеті бойымен жол салу. Қала көшелерінің жай-күйін және атқарылатын өзге де жұмыстарды өңірлік коммуникациялық қызметінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібек Сыздықов баяндап берді.

– Облыс тұрғындарының көкейінде жүрген мәселелердің бірі теміржол өткелдерін салу болатын. Аталған мәселені шешу мақсатында 2024 жылы Қызылорда қаласында жерасты және Арал мен Жаңақорған аудандарында аспалы теміржол өткелдерінің құрылысы басталды. Сонымен қатар, республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» күре жолы біраз жылдан бері күрмеуі шешілмей келген, халықтың арасында біраз талқыға салынған мәселелердің бірі болды. Осы орайда аймақ басшысының тікелей қадағалауымен республикалық маңызы бар жолдың құрылысы қарқынды жүруде. Бүгінгі таңда «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС қалалық бағытта 32 маршрутты қамтып отыр. Қызылорда қаласында «Экотакси» қызметін құру жобасы бойынша 100 дана электромобиль алынып, Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетуде.

Осы жылдың және бір жаңалығы, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектеновтың қатысуымен Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының ашылу салтанаты өтті. Аталған жаңа жолаушылар терминалы «Болат Өтемұратов қоры» жеке қорының демеушілігімен салынды. Теміржол көлігі саласы бойынша айта кетсем, 2024 жылы «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызының жаңа вагондарының тұсаукесер рәсімі өтті. Осы бағытта 44 вагон сатып алынды, – деді Жәнібек Шәкімбайұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: