Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

100 қызға 107 ер бала

29.05.2020, 8:30 848

HALYQLINE.KZ Былтыр Қазақстанда 402 310 бала туылған. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 12,9 пайызға көп. Қалалық мекендерде туғандар саны – 239 496 адамды (59,5 пайызды), ауылда – 162 814 адамды (40,5 пайызды) құрады, – деп хабарлайды «Оinet.kz» ақпараттық-сараптамалық сайты.

2019 жылдың нәтижесі бойынша 208 038 ұл (51,7%), 194 272 қыз (48,3%) туған. Туған кездегі жыныстардың арақатынасы 100 қыз балаға шаққанда 107 ер баладан келеді. Қазақстан өңірлерінің ішінде туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға шаққанда 29,72 бала), Түркістан облыстарында (27,87) және Шымкент қаласында (27,89) байқалды.

Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (12,46), Қостанай (13,15) және Павлодар (15,35) облыстарында көрініс тапты. Барлық ұрпақты болу кезеңінде (15-49 жас) бір әйелдің орта есеппен алғанда дүниеге әкелген балаларының санын көрсететін туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК) 2019 жылы республика бойынша 2,90-ды құрады және 10 жыл ішінде 9,4 пайызға өсті, тиісінше қалалық мекендерде – 2,75 және 5,4 пайыз, ауылдық мекендерде 3,17 және 16,1 пайыз.

Елдің өңірлері бойынша ең жоғары ТЖК деңгейі Түркістан (4,29), Маңғыстау (4,02) облыстарында, ал ең төмен деңгейлері Алматы қаласы (1,78) мен Қостанай (1,81) облысында байқалған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: