Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеттері – бюджеттің кіріс бөлігін және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы аталған міндеттердің аясында қарбалас тіршілік, жүйелі жұмыстар жүруде. Атап айтар болсақ, 2024 жылы бекітілген мемлекеттік бюджет жоспары 102%-ға орындалып, қажетті қаржы артығымен өндірілсе, түсімнің өсу қарқыны артты.
Салықтық түсімдер бойынша республика көлемінде облыстар арасында Қызылорда республикалық жоспардың орындалуынан 6-орынға, түсім қарқынынан 3-орынға жайғасқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Әділбек Бекішев мәлімдеді.
– Біздің басты құндылығымыз – салық төлеушілер, ал мақсатымыз – салық төлеушілерге барынша қолайлы жағдай жасау арқылы сапалы қызмет көрсету. Өңіріміздің мемлекеттік кірістер органдарымен 2024 жылы барлығы 656 836 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның электронды түрде 99,8% құраса, қағаз түрінде 1 231 немесе 0,2% құрап отыр. Ал, салық төлеушілердің санына келетін болсақ,
облыс бойынша 2025 жылдың 1 қаңтарына 12 774 заңды тұлға, 58 855 дара кәсіпкер тіркелген. Оның ішінде шағын және орта бизнес өкілдерін алатын болсақ, 2025 жылдың 1 қаңтарына өңірімізде 68 257 шағын және орта бизнес өкілдері тіркелген. Ал, жеке тұлғалардың салықтарына келетін болсақ, 2024 жылдың салығын қоса есептей отырып, 2025 жылдың 1 қаңтарына берешегі бар салық төлеушілердің саны 21,9%-ға азайса, салық сомасы 6 141,6 мың теңгеге немесе 2,2%-ға азайып отыр, – деді Әділбек Ерғалиұлы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!