Бүгінгі сатира
Мендегі көлік,
Жүрмесе, өлік,
Ары-бері шұқылап,
Капотын аштым,
Әр жерін көріп,
Үңіліп, төніп,
Үмітім сөніп…
Әлде, май аз ба,
От алмай тұр, аязда…
«Ғыж-ғыж, ғыж» дейді,
Бес минут қыздырсам,
Көршім көріп,
Миымды жейді,
Телефонға түсіріп,
«Заң бар» дейді,
Тағы бірі ысқырад,
Төлейсің деп ыштыраф,
Бір минутқа қызбайды,
Не істеймін?
Ернімді тістеймін,
Маңдайымды ысқылап…
Атаңа нәлет ыштыраф,
Ішпей, жемей,
Тыштырад…
О, ыштыраф…
Мұхтар ШЕРІМ,
Шымкент қаласы
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!