«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»
Есірткі – бұл үнсіз жау. Ол адамды бақыттан, еркіндіктен, және ең бастысы, өмірден айырады. Бұл – тек уақытша әлсіздікке бой алдырғандардың емес, бүкіл қоғамның мәселесі.
Есірткіге әуес болу – өз болашағыңды өз қолыңмен құрту. Бір ғана сәттік қызығушылық немесе қысымға еріп, адам өз өмірін қайғылы соқпаққа салады. Есірткінің «сыйы» – денсаулықтың бұзылуы, рухани азап, және ең өкініштісі, жақындарыңа қалдырған терең жара.
Бұл мәселені шешу тек заңмен шектелмеуі керек. Біз өзіміздің және айналамыздағы адамдардың санасын оятуымыз қажет. Әрбір ата-ана, әрбір ұстаз, әрбір дос осы күреске атсалысуы тиіс. Жастарымызды қолдап, оларды өмірдің шынайы құндылықтарына үйретейік.
Өмір – таңғажайып. Оның әрбір сәті бағалы. Есірткіден аулақ болу – тек өзіңе ғана емес, жақындарыңа, еліңе деген жауапкершіліктің көрінісі. Біздің жарқын болашағымыз үшін есірткіге «ЖОҚ!» деп айтайық.
#есірткігеқарсы #противнаркотиков
Кадирбаева Раушан Амангелдіқызы,
Қызылорда қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы
№10 мектеп-лицейдің 9 «Ә» сынып оқушысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!