АҚШ-та 2025 жылдың 19 қаңтарынан бастап TikTok -та қысқа видеоларды орналастыру және оны көрсету қызметі бұғатталды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
ТАСС мәліметінше, аталған қызмет Apple онлайн дүкенінен алынып тасалған және қолданбаның өзіне кіруге тырысқанда мынандай хабарландыру пайда болады:
«TikTok-қа тыйым салатын заң АҚШ-та күшіне енді. Өкінішке қарай, бұл сіздің, әзірге TikTok-ты пайдалана алмайтыныңызды білдіреді, – делінген хабарламада.
2024 жылдың сәуірінде АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден «платформа 2025 жылдың 19 қаңтарына дейін америкалық компанияның қарамағына өтуі керек» деген заңға қол қойды, әйтпесе оның елдегі жұмысына тыйым салынатыны да ескертілген. АҚШ билігі Қытай үкіметі пайдаланушы деректерін талап етуі немесе үгіт-насихат мақсатында қосымшаны қолдануы мүмкін деп қауіптенеді. Алайда, TikTok басшылары бұл алаңдауға негіз жоқ екенін айтып, оны бірнеше рет жоққа шығарды.
Дональд Трамп 18 қаңтар күні журналистермен жүздескенде президенттік қызметке кіріскеннен кейін TikTok-қа қатысты тыйымның орындалуын 90 күнге кейінге шегеруі мүмкін екенін айтты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!