Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Зиянсыз есірткі болмайды

17.01.2025, 14:05 33

  1. Есірткіден бас тарту өте қиын. Тіпті кішкене ғана бір доза тез үйреніп кету (тәуелділік) қаупіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан қауіпсіз өмірді сақтап қалудың ең жақсы жолы – есірткіге ешқашан жоламау.
  2. Нашақорлық – созылмалы ауру түрі, ол өмір бойы жалғасады. Кей мезетте ауру ұйықтап жатқан сияқты болады да, кез келген уақытта қайтадан қозуы мүмкін. Сонымен қатар бұл аурудың зардаптарын емдеу мүмкін емес: адам ағзасындағы көптеген психологиялық және физиологиялық өзгерістер ешқашан қалпына келтірілмейді.
  3. Есірткі оқуды қиындатады, жұмыс істеу қабілеті мен еңбекке деген құштарлықтан айырады, сондықтан болашақта жақсы мансапқа қол жеткізу қиын болады. Ең алдымен адамның қысқа мерзімді сақтау қабілеті зардап шегеді. Ойлау және өз ойын дұрыс жеткізу қиынға соғады.
  4. Есірткі адамның жан-жағындағы жақындарымен қарым-қатынасын, достықты, сүйіспеншілікті, отбасын тез ұмыттырып, толық жалғыздыққа әкеледі. Одан әрі оны аурухана, түрме, өлім күтіп тұрады.
  5. Есірткі көптеген аурулардың себебі болып табылады. Кейбір есірткі түрлерін бір рет қолданудың өзі адамның өмірін күрт өзгертеді. Адамның ми жасушалары, бауыры, өкпесі, жүрек-тамыр, жүйке жүйелері бұзылып, гепатит, СПИД және өлімге әкелетін басқа да ауруларға шалдығады. Оның үстіне бұл есірткінің түріне де, оларды қолдану тәсіліне де байланысты емес. Соңы біреу – тек қана өлім. Басқасы тек уақытша ғана мәселе.
  6. Жеңіл есірткілер болмайды. «Жеңіл есірткілер» деп аталатындар және стимуляторлар басқа есірткіні қолданар алдындағы ерікті кедергіні жоюға ғана қызмет етеді. Ешкім бірден «екпеден» бастамайды. Статистикаға сүйенсек, «героинге» тәуелді нашақорлардың 90%-дан астамы, оңай тастап кетемін деп, алғашында марихуанадан бастаған екен.
    Керісінше айтатын адамдардың көпшілігі өздерін алдап, кез келген айламен ақтап, есірткіге тәуелді етеді. Сондықтан да өз-өзіңізді алдауға жол бермеңіз!
    Есірткіге қарсы күрес әр адамның жауапкершілігі болып табылады. Әрбір адам өз өмірінің капитаны, ал есірткі – оның болашағына кедергі келтіретін қауіпті жол. Сондықтан, «Есірткісіз жарқын болашақ» – тек жеке тұлғалардың ғана емес, бүкіл қоғамның, отбасылардың және мемлекеттердің ортақ мақсаты.

есірткігеқарсы #противнаркотиков

Өсербай Адинай Жанатқызы,

Қызылорда облысы,

Жаңақорған ауданы,

Жаңақорған кенті

№289 орта мектебінің 9-сынып оқушысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: