Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бас полицей Арал ауданында болды

17.01.2025, 12:15 65

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы жұмыс сапарымен Арал ауданында болды, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, жұмысымен танысты. Ғимаратын тексеріп, материалдық-техникалық жарақтандырылу жағдайын көріп шықты.

Жалпы, облыс шалғайында орналасқан бұл ауданда қылмыстық ахуал тұрақты. Құқықбұзушылық пен қылмыстардың алдын алу бағытында полицияның кешенді күштері жұмылдырылу арқылы күшейтілді. Сондай-ақ, аудан орталығына кезең-кезеңімен учаскелік полиция инспекторларының күштері тартылып, рейдтік жұмыстар ұйымдастырылуда. Осы және өзге де атқарылған шаралар туралы облыстың бас полицейіне аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Әлтай Нұрсұлтан есеп берді.

Аудан халқының көп бөлігі балық және мал шаруашылығымен айналысатындығын айтып, бұған қоса аудан көлемінде мал ұрлығының алдын алу бағытында атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталып өтті.

Департамент бастығы Ішкі істер министрінің қылмысқа қарсы күрес бойынша берілген тапсырмаларына жіті тоқталып, нақты тапсырмалар берді.

«Ішкі істер министрлігінің Алқа отырысында министрлік департамент алдында маңызды міндеттер қойды. Оның бірі – Қазақстанда азаматтарға қауіпсіз аумақ құру. Бұл үшін Министрлікпен барлық жағдай жасалуда.

Профилактика – барлық қызмет салаларының міндеті. Қоғаммен ашық тіл табысып, азаматтардың сеніміне ие болып, атқарылған жұмыстарды ашық көрсетуіміз қажет» деді Серік Жүрсінбайұлы.

Сондай-ақ бүгінгі жұмыс сапары барысында Серік Жүрсінбайұлы саналы ғұмырын ішкі істер саласына арнаған ардагерлермен кездесті.

Кездесу барысында сөз алған департамент бастығы ардагерлеріміздің ақыл-кеңестері мен ой-пікірлерінің өте маңыздылығын атап өтті. Ардагерлер де түрлі мәселелер бойынша ойларын ортаға салды. Кездесу барысында олар облысымызға жаңадан тағайындалған Департамент бастығына құрметі үшін ризашылықтарын білдіріп, өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында әрқашан кеңесуге дайын екендерін жеткізді.

«Ардагерін ардақтаған ел тозбайды» демекші үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салт екенін айта кетіп, Серік Жүрсінбайұлы ардагерлеріміздің дендеріне саулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

Департамент бастығының жұмыс сапары ары қарай Қазалы ауданында жалғасты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: