2024 жылдың 12 айының қорытындысымен денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалады. Күтілетін өмір сүрудің орташа ұзақтығы облыс бойынша 74,6-ға жетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков баяндап, 2024 жылға қорытынды жасады.
– Халықтың денсаулығын нығайту – саламыздың маңызды міндеттерінің бірі. Мемлекет басшысы өз Жолдауында халыққа медициналық көмекті қолжетімді ету, ана мен бала денсаулығын сақтай отырып, өлім-жітім көрсеткішін төмендету мемлекетіміздің басты басымдығы екенін атап өткен болатын. Осы аралықта денсаулық сақтау саласында бірқатар кешенді жұмыс жүргізіліп, нәтижесінде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерді көрсеттік, – деді Олжас Ермекұлы.
Брифингте басқарма басшысы өткен жылғы статистиканы да мәлімдеп, аймақтағы халық санының қаншалықты артқанын айтып өтті.
– Ана мен бала денсаулығын сақтау – жалпы медицинаның маңызды бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда Қызылорда облысында 844 810 мың адам тіркелген, оның ішінде 20,9%-ы – ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер. Өткен жылы аймағымызда 17 873 нәресте дүниеге келді, – деді Олжас Ермекұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!