Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Даңғылды кеңейту жұмыстары қарқынды жүруде

15.01.2025, 11:20 50

HALYQLINE.KZ

Аймақ басшысының қолдауымен шаһарда жол құрылысы қарқын алып, басты жолдар мен көшелердің аясы кеңейтілуде. Байыпты бастамалардың бірі – Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылында жүргізілуде, деп хабарлайды Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл жоба 2024-2025 жылдарға жоспарланған, екі кезеңнен тұрады. Жолды кеңейту жұмыстары 27 тамыздан бастау алды. Жобаның бірінші кезеңі бойынша бюджеттен бөлінген қаржыға ұзындығы 6 711 метрді құрайтын даңғыл екі жолақтыдан төрт жолақтыға ауыстырылуда. Яғни, С.Бейбарыс көшесінен бастап Жастілек көшесіне дейінгі бөлігі кеңейтіліп, жобада қарастырылған 4 қабат асфальт жабынының 3 қабаты салынды. Соңғы мастика қоспасы бар асфальт қабаты биыл салынады. Жоба аясында Әбілқайыр хан және Есенов көшелерінің аралығындағы Сырдария өзенінің бөгетін нығайту жұмыстары да қоса жүргізілуде. Жұмысты атқарушы – «УАД» ЖШС.

Сондай-ақ, жобаның екінші кезеңі, яғни даңғылдың Әбілқайыр хан көшесінен бастап Саламатов көшесіне дейінгі бөлігіне жаңадан 4 жолақты жол құрылысын салу үшін жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жоба биыл жүзеге асырылады.

Айта кету керек, Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының қолданысқа берілгеніне 8 жыл өтті. Қала сыртын айналып өтетін осы даңғылдың бойында кептелістер көптеп болатыны жасырын емес. Осы жобаның нәтижесінде Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының бойындағы, сондай-ақ, «Ескі базар» аумағындағы көлік кептелісі түбегейлі шешіледі деп күтілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: