Азаматша Д. «Тик ток» әлеуметтік желісі арқылы пікір жазып, жалпы көрілімге шығарып жариялап, жала жауып, азаматша Т.-ның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiрген.
Сот отырысында Д. өз кінәсін мойындап, пікір жазғанын растайтынын көрсетті.
Азаматша Д.-ның әрекеті полиция қызметкерлерінің баянаттарымен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен, түсініктерімен, сот психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысымен және басқа да іс бойынша құжаттармен дәлелденді.
ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілік, көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату үшін көзделген.
Азаматша Д. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 465192 теңге айыппұл салынды.
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар
жөніндегі мамандандырылған соты
СКөрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!