Жол активтері ұлттық сапа орталығы Павлодар облыстық филиалына арнайы студенттер үшін ашық есік күні ұйымдастырылды.
Торайғыр Университетінің бірінші курс студенттері алғашқы рет жол сапа мекемесіне келді. Олар ен алдымен филиал жұмысымен танысып, жол зертханасының асфальтобетон, щебень, битум тағы басқа да жол жамылғысының құрамындағы тұтқыр материалдармен кеңінен танысып, зертханада зерттеу жұмыстары қалай өткізілетінін өз көздерімен көрді. Болашақ жолшылар филиал тәжірибелі экспертерінен көптеген қажетті мағлұматтар, өз сұрақтарына жауап алды.
«Біздің мекеме жас түлектерге, студенттерге білімді жолшы маман болу үшін ашық есік күндерін тұрақты түрде өткізіп тұрады. Олар біліммен қатар осындай іс-шаралар арқылы білікті мамандарымыздан тәжірибеден өтеді. Жалпы мақсатымыз – бағыт-бағдар беру, сапалы кадр даярлауда жастарды жолшы мамандыққа тарту», – деді құрметті жол қызметкері Людмила Ковтарева.
Осыдан бір күн бұрын біздің мекемеге Жоғарғы электроника және коммуникациялар колледжінің оқушылары да келді. Олар да жолшылармен еркін форматта білім алуға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, Павлодар облыстық филиал мамандары мұғалімдерге біздің мекемеде студенттерге өндірістік практикадан өтуге мүмкіндік бар екенін айтты. Жол зертханасында практиканттар үшін барлық жағдай жасалған.
Айта кетсек, биылғы жылда Павлодар филиал қызметкерлері 629 рет іссапарға шығып, жол-құрылыс материалдарының 1949 данасынан үлгі алынып, сынамадан өткізілген. Сәйкесінше, жол-құрылыс материалдарының 208 данасы нормативтік талаптарға сай келмейтіндігі анықталған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!