Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Штрафстан!»

13.12.2024, 9:25 482

HALYQLINE.KZ

БҮГІНГІ САТИРА

— Ә-әтпчу!

— Ойбай, түшкіруге болмайды,

Түшкірген адам ыштрап төлеп,

Оңбайды,

Айттым ғой, саған,

Неге миыңа қонбайды?

— О, шешең…

Не болады, десем?

— Ойбай, мені, әйеліңді боқтама,

Не, не, не? Сұм көзіңді оқтама!

Ыштырап төлеймін демесең,

Ақшаңды шашып, жоқтама!

— А-е-о!

— Ойбай, есінеме,

Былтыр есіңде ме?

«А-е-о» деп есінедің,

Ыштырап төлеп,

Одан бөлек,

«Каспиден» шешіп едің,

Есінеме деймін,

Неге есінедің?

— Ауа жұтам…

— Дейсің бе, ұтам?

Ауа жұтқаның үшін,

Ақшаң көбейсін,

Оған да, ыштырап төлейсің!

Секірме,

Кекірме,

«Әй, өй!» деп

Жекірме,

Шөп үстіне отырма,

Ұлы сөзде ұят жоқ,

Тырқ-тырқ «очырма»,

Талтаңдама,

Қалтаңдама,

Бәріне штраф төлейсің,

Қане, ақшаң бар ма?

— Ой, Алла, бұл,

Бүгінгі Қазақстан,

Одан қысқан,

Бұдан қысқан,

Қысқасы, штрафстан!

Мұхтар  ШЕРІМ,

Шымкент  қаласы

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: