Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

АҚШ-ты шарпыған жойқын дауыл iPhone технологиясымен байланысты болуы мүмкін бе?

04.12.2024, 7:00 98

HALYQLINE.KZ

Биыл АҚШ-ты шарпыған жойқын дауыл iPhone секілді заманауи смартфон технологиясымен байланысты болуы мүмкін екенін зерттеулер көрсетеді.

Смартфондарды өндіру және пайдалану арқылы жыл сайын атмосфераға 580 миллион тонна көмірқышқыл газы шығады. Бұл авиация өнеркәсібі өндіретіннен де көп. Парниктік газдардың ауаға шығуы теңіз суының қызуына әкеліп соғады, осылайша Милтон сияқты мұхит дауылдары басталуына себеп болады дейді ғалымдар.

Ғалымдардың пікірінше, смартфон өндірісінің әр кезеңі көп мөлшерде энергияны қажет етеді, бұл өз кезегінде парниктік газдардың көп мөлшерде бөлінуіне әкеледі.

Бір дана смартфон өндіргенде 180 фунт немесе 81 келі көмірқышқыл газын ауаға шығарады.

Сонымен қатар, телефонды зарядтағанда, пайдаланылғанда немесе тастаған кезде ауаға улы заттар шашырайды.

Телефон батареяларының токсиндері топыраққа сіңіп, қоршаған ортаны ластайды және жаһандық жылыну, дауыл, су тасқыны сияқты табиғи апаттардың санын көбейтеді.

Аударған  Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: