Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Облыс әкімі болу – ер адамның ісі» – депутат Ұлықбек Тұмашинов (видео)

02.12.2024, 8:35 131

HALYQLINE.KZ

Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов «Adal Adam» youtube-арнасына берген сұхбатында әйел әкімдер туралы пікір білдірді. Оның пікірінше, облыс әкімдері ретінде ер-азаматтарды тағайындау орынды. Себебі төтенше жағдай кезінде ер әкімдер тиімді жұмыс істейді екен.

«Өңірді басқару оңай іс емес. Әсіресе аймақта төтенше жағдай болса, әйел әкімді аяр едім. Бір күнде қырық мәселе туындауы мүмкін. Жедел әрекет ету керек болады. Менің пікірімше, өңір басқару жедел жұмысты талап етеді. Ал жедел жұмысты ер адам басқаруы керек.

Әрине, дүниежүзілік тенденция бар. Президент әйел адамдар кездеседі. Әйел адамдарға да мүмкіндік беруге болатын шығар», – деді депутат.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: