Кеше Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен әр салада жемісті еңбек еткен, сан саланың қыр-сырын меңгерген жас азаматтарға «Жыл үздігі – 2024» номинациясын тапсыру салтанатты кеші өтті. Бұл туралы аудандық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Әшімұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Алпысбайұлы, кент және ауылдық округтердегі жастармен жұмыс істейтін мамандар, белсенді жастар, еріктілер, сала мамандаы және БАҚ өкілдері қатысты.
Мерекелік жиында сөз алған аудан әкімі жастарды табысты болған жыл жетістіктерімен құттықтай келе, ауданда атқарылған жұмыстар мен жетістіктерге кеңінен тоқталды.
– Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен жас отбасыларға жаңа өмірге қадам басар «Отбасы» орталығы, жас бастамашыл балақайларға арналған заманауи «Оқушылар сарайы» бой көтерді. Жас спортшыларымызға арналған «Теннис» орталығы, «Жайлы» мектептер пайдалануға берілсе, Жаңа стадион, «Инновациялық-шығармашылық орталық», музыкалық колледж ғимараты құрылысы басталды. Барлық ауданда музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталықтары, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени, рухани ұйымдарды біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият орталықтары» бой көтеруде. Бұл жұмыстар жас достар үшін жасалып жатыр.
Аудан жастарына арнап, Тереңөзек кентінің көрікті жерлерінің бірі, кіреберістен «Жастар» аллеясы жасалды. Бұл Сіздерге деген құрметіміз деп біліңіздер.
Жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілеймін! Алдағы уақытта да аудан дамуына аянбай еңбек ететіндеріңізге сенемін! – деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.
Іс-шара барысында әр сала бойынша жыл үздіктері анықталып, аудан әкімінің құттықтау хаты және статуэтка табысталып, құрмет көрсетілді.
Сонымен қатар, Аманкелді ауылдық округінің жастар маманы Серікбаев Бексұлтан Өмірбекұлы жыл қорытындысымен «ҮЗДІК МАМАН» атанды.
Салтанатты жиын әрі қарай мерекелік ойындармен, аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!