Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ескі көлікпен жүргендерді жаңа Салық кодексінің жарылқайтын түрі бар

08.11.2024, 9:00 334

20 жылдан асқан көліктер үшін салық 50%-ға төмендетілуі мүмкін.

Бұл туралы ҚР ҰЭМ Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағынаев айтты.

Жаңа Салық кодексінде БЖЗҚ-дан жасалатын зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан босату жөніндегі норма бар.

– Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаумен қатар, қоғам жиі көтеретін мәселелер шешіледі. Мәселен, жаңа Салық кодексінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан босату жөніндегі норма көзделген. Сондай-ақ, қолдануы 10 жылдан асқан автомобильдер үшін салық сомасы 30%-ға, 20 жылдан асқан автомобильдер үшін – 50%-ға төмендетілетін болады, – деді Ерлан Сағынаев.

Департамент директорының сөзінше, жаңа кодексте «Сән-салтанат» заттарына жоғары салық салу жайында да ұсыныс қаралған.

– Жиынтық құны 450 миллион теңгеден асатын жылжымайтын мүлік объектісі бойынша мүлік салығының жоғары мөлшерлемесін белгілеу; кедендік құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге акцизбен қосымша салық салу; қымбат алкоголь және темекі өнімдеріне, қымбат теңіз кемелеріне, ұшу аппараттарына акцизбен қосымша салық салу ұсыныстары енгізілген, – деп сөзін түйіндеді ол.

Бүгін елордада Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съездалды жиыны өткен еді. Оған барлық облыс пен 200-дей бизнес қауымдастықтан 400-ден аса өкіл қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: